«Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылық келісімі
Мен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйесінің
(бұдан әрі – Жүйе) пайдаланушысы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013
жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12)
тармақшасына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21
мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының талаптарына сәйкес
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
(бұдан әрі - Оператор) «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметін алу және электрондық поштаға хабарламаларды алу мақсатында менің
дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді растаймын.
Мен жинауға және өндеуге келісім берген дербес деректерге жататыны:
- тегі;
- аты;
- әкесінің аты;
- ЖСН;
- жұмыс орны: лауазымның, құрылымдық бөлімшенің, ұйымның атауы;
- байланыс ақпараты: электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты облысы және қаласы.
Менің дербес деректерімді «Жеке тұлғалар» мен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларынан келесі мақсаттарда алуға болатынына келісім беремін:
- пайдаланушыны сәйкестендіру;
- толтыру процесін автоматтандыру;
- дербес ақпаратты дұрыс енгізу.
Менің дербес деректерімді өңдеуге келісім бермеген жағдайда, қызметтер маған
толық көлемде көрсетіле алмайтыны туралы маған ескертілді.
Сондай-ақ, қызметті алу үшін өтінімді тек өзімнің атымнан беру және қолданыстағы
электрондық мекенжайды ұсыну қажеттілігі туралы ескертілдім.
Оператор менің дербес деректерімді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып өңдеуге құқылы.
Оператордың мекенжайына өзім жолдай алатын тиісті жазба құжат жасау арқылы
өз келісімімді кері қайтарып алу құқығым туралы білетінімді растаймын. Мен
дербес деректерді өңдеуге келісімімді кері қайтарып алған жағдайда, дербес
деректер жалпыға қол жетімді болған және «Дербес деректер және оларды қорғау
туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында
көрсетілген негіздер болған кезде Оператор дербес деректерді менің келісімімсіз өңдеуді жалғастыруға құқылы.
Өз кезегінде, Оператор «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы
22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы,
сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларында көзделген мерзімдерге сай
алған пайдаланушылық деректердің мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етеді.
Мен электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың Қазақстан Республикасы
электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамалық
актісінде көзделген міндеттердің орындамауы «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасы Кодексінің
640-бабына сәйкес айыппұл төлеуге әкеп соғатынын түсінемін.
Осы Келісім пайдаланушы Келісім мәтінінің астында орналасқан «Пайдаланушылық
келісімді оқыдым және шарттарымен келісемін» веб-интерфейсті басқару элементін
басу нысанында Пайдаланушы олардың шарттарымен келісетінін білдіру арқылы күшіне енеді.