«Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» цифрлық жүйесінде дербес деректерді
жинау, өңдеу және сақтауға келісім
Мен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» цифрлық жүйесінің (бұдан әрі –
Жүйе) пайдаланушысы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына (БСН 000740000728,
бұдан әрі – Оператор) Жүйені пайдалану, «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының
электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілті сертификатын беру және кері қайтарып алу»
Мемлекеттік қызметін алу, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан
Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі-ҚР ҰКО) функцияларын орындау мақсатында
менің дербес деректерімді жинау, өңдеу және сақтауға келісім беремін.
1. Дербес деректердің құрамы
Осы Келісім шеңберінде Оператор төмендегі дербес деректерді жинау және өңдеуді жүзеге асырады:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы);
- байланыс ақпараты (ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірі, электрондық пошта
мекенжайы);
- бет әлпетінің бейнесі.
Мен осы бөлімде аталған дербес деректерді жалпыға қолжетімді дербес деректер санатына жатқызуға
келісім беремін. Оператор олардың санаттары мен өңдеу ерекшеліктерін ескере отырып, оларды
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғауды қамтамасыз етеді.
2. Дербес деректерді өңдеу көздері мен мақсаттары
Менің дербес деректерім тікелей менен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен цифрлық жүйелерден және мемлекеттік деректер қорынан алынуы мүмкін
екенімен келісемін.
Дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау Жүйеге және оның функционалдық мүмкіндіктеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ету, өтініштерді толтыру және тексеру, дербес деректерді өзектендіру,
электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау және кері қайтарып алу,
сондай-ақ Жүйені пайдалануға және «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының
электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілті сертификатын беру және кері қайтарып алу»
мемлекеттік қызметін көрсетуге байланысты әрекеттер туралы пайдаланушыны хабардар ету үшін
жүзеге асырылады.
3. Дербес деректерді өңдеу шарттары мен тәртібі
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу, Жүйенің жұмыс
істеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оператордың міндеттерін орындау
үшін қажетті көлемде жол беріледі. Қазақстан Республикасы цифрлық Кодексінің 55-бабы
1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық
кілті сертификаттарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы
орталығына қайтарып алу туралы ақпаратты ұсыну көзделген.
Дербес деректерді үшінші тұлғалардың таратуына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
негіздер болған кезде ғана жол беріледі.
Оператор дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асырмайды.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім 2025 жылғы 17 маусымдағы №279-НҚ
бұйрығымен бекітілген типтік құжаттар тізбесіне сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Архивтік сақтау 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қоры құжаттарын
қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
5. Келісімді қайтарып алу
Осы Келісім Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының
8-бабында көзделген тәртіппен және шектеулер ескеріле отырып кері қайтарып алынуы мүмкін.
Осы Келісімді кері қайтарып алу бұрын берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті
сертификаттарын автоматты түрде кері қайтарып алуға әкеп соқпайды. Электрондық цифрлық
қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Келісімді растау
Осы Келісім пайдаланушы жүйенің веб-интерфейсінің тиісті басқару элементі арқылы өзінің
шарттарымен келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді.
«Мен дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтауға Келісім шарттарымен таныстым және өз
келісімімді беремін».
Согласие на сбор, обработку и хранение персональных данных в цифровой системе «Национальный
удостоверяющий центр Республики Казахстан»
Я, пользователь цифровой системы «Национальный удостоверяющий центр Республики Казахстан» (далее
– Система), даю акционерному обществу «Национальные информационные технологии» (БИН
000740000728, далее – Оператор) согласие на сбор, обработку и хранение моих персональных данных
в целях использования Системы, получения государственной услуги «Выдача и отзыв сертификата
открытого ключа электронной цифровой подписи Национального удостоверяющего центра Республики
Казахстан», а также исполнения предусмотренных законодательством Республики Казахстан функций
Национального удостоверяющего центра Республики Казахстан (далее – НУЦ РК).
1. Состав персональных данных
В рамках настоящего Согласия Оператор осуществляет сбор и обработку следующих персональных
данных:
- фамилия, имя, отчество (при наличии);
- индивидуальный идентификационный номер (ИИН);
- место работы (наименование организации, должность);
- контактная информация (абонентский номер сети сотовой связи, адрес электронной почты);
- изображение лица.
Я даю согласие на отнесение персональных данных, перечисленных в настоящем разделе, к категории
общедоступных персональных данных. Оператор обеспечивает их защиту в соответствии с требованиями
законодательства Республики Казахстан с учётом их категории и особенностей обработки.
2. Источники и цели обработки персональных данных
Я согласен(на), что мои персональные данные могут быть получены непосредственно от меня, а также
из цифровых систем и государственных баз данных в порядке, установленном законодательством
Республики Казахстан.
Сбор, обработка и хранение персональных данных осуществляются для обеспечения доступа к Системе
и её функциональным возможностям, заполнения и проверки заявлений, актуализации персональных
данных, выдачи, хранения и отзыва сертификатов открытого ключа электронной цифровой подписи, а
также уведомления пользователя о действиях, связанных с использованием Системы и оказанием
государственной услуги «Выдача и отзыв сертификата открытого ключа электронной цифровой подписи
Национального удостоверяющего центра Республики Казахстан».
3. Условия и порядок обработки персональных данных
Передача персональных данных третьим лицам допускается в объёме, необходимом для достижения
целей настоящего Согласия, функционирования Системы и исполнения обязанностей Оператора,
предусмотренных законодательством Республики Казахстан. В соответствии с подпунктом 7) пункта 1
статьи 55 Цифрового кодекса Республики Казахстан предусмотрено предоставление сертификатов
открытого ключа электронной цифровой подписи пользователей, а также информации об их отзыве в
корневой удостоверяющий центр Республики Казахстан.
Распространение персональных данных третьими лицами допускается только при наличии оснований,
предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
Трансграничная передача персональных данных не осуществляется.
4. Срок действия согласия
Настоящее Согласие действует с момента его предоставления до достижения целей сбора и обработки
персональных данных, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан.
5. Отзыв согласия
Настоящее Согласие может быть отозвано в порядке и с учётом ограничений, предусмотренных статьёй
8 Закона Республики Казахстан «О персональных данных и их защите».
Отзыв настоящего Согласия не влечёт автоматического отзыва ранее выданных сертификатов открытого
ключа электронной цифровой подписи. Отзыв сертификатов открытого ключа электронной цифровой
подписи осуществляется по основаниям и в порядке, предусмотренном законодательством Республики
Казахстан.
6. Подтверждение согласия
Настоящее Согласие вступает в силу с момента выражения пользователем согласия с его условиями
посредством соответствующего элемента управления веб-интерфейса Системы.
«Я ознакомлен(а) с условиями Согласия на сбор, обработку и хранение персональных данных и даю
своё согласие».